You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 38827
    Дата: 09.01.2018 21:54:21
    Аты-жөні: Алдашова Роза
    Сұрақ:
    Мен Алдашова Роза "ASI"инвестициялық компаниясынан бір бөлмелі пәтердің құнын жеті миллион үш жүз тоқсан бір мың теңгені өндіріп алу үшін Астана қ. Сарыарқа аудандық сотына талап арыз жазып,21.08.2017ж менің пайдама шешілген сот шешімін алып сот орындаушысы Абдиков Мейрамға бердім сонан бері үш ай өтті еш нәтиже жоқ."ASI"инвестициялық компаниясының есеп шотында еш қаражат жоқ,барлық варианттарды қарастырдым деді.Енді кімге арыздануға болады.
    Жауап күні:
    23 қаңтар, 2018 - 18:52
    Жауап:
    Құрметті Роза Мыркайдаровна! Сізбен енгізілген жеке мәліметтер құпия болып табылады, олар жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер қала Прокуратурасына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы және www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы жолданады. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) алуға болатын электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) болу қажет. Жауап алуды тездету үшін сұрақты қысқа әрі нақты қоюды сұраймыз. Сұрақ қоюдан бұрын блог материалдарынан оған жауап іздеп көріңіз. Блогта Сіздің сұрағыңызға тиісті жауап болуы мүмкін және ондай жағдайда қажетті ақпаратты оңай ала аласыз.
  • Сұрақ №: 38712
    Дата: 05.01.2018 18:47:17
    Аты-жөні: Зулпыхар Жандос
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздер ме! Мен 2013 жылы Астана қаласындағы "Тамаша үй" Тұрғын үй құрылыстық компаниясына пәтер алу үшін үлескер ретінде келісім шартқа отырып, осы шарт бойынша 1 бөлмелі пәтердің ақшасын несие алып, толық төледім. Тұрғын үй жоспар бойынша 2015 жылы берілу керек болатын. Алайда, үй мүлдем тұрғызылмады. Осыған байланысты 2015 жылдың шілде айында Астана қ, Алматы аудандық сотына аталған ТҚК мен келісім шартты бұзу және үлескерлік қаражатты қайтару туралы шағым түсіріп, тұрғын-үй құрылыстық компаниясынан шығару және қаражатты қайтару туралы шешім алдық. Бірақ, осы күнге дейін қаражатымды қайтармады, яғни сот шешімі орындалмады. Енді ақша да қайтарылмады және тұрғын-үй құрылыстық компания мүшелігінен де шығып қалдым. Осыған байланысты Сіздерден келесідей сұраққа жауап беріп, көмектесулеріңізді сұраймын: http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15708 сәйкес "Тамаша үй" тұрғын-үйі мемлекеттік Нұрлы жер бағдарламасы аясында соғылатын болды. 1. Соттың шешімінің орындалмауына байланысты, маған "Тамаша Үй" тұрғын-үй құрылыстық компаниясының мүшелігіне қайта кіріп, пәтердің ақшасын толық төлеген, бірақ пәтерді ала алмаған зардап шегуші үлескер ретінде, жоғарыдағы бағдарлама бойынша "Тамаша үй" тұрғын үйінен пәтер алу құқымды анықтап, көмектесулеріңізді сұраймын
    Жауап күні:
    15 қаңтар, 2018 - 12:15
    Жауап:
    Құрметті Жандос Енсебекұлы!Астана қалалық прокуратурасымен Сіздің «Тамаша Үй» тұрғын үй құрылыстық компаниясының (бұдан әрі- ТҮҚК) мүшелігіне қайта кіру және пәтер алу құқығыңызды түсіндіруді сұрап жазған өтінішіңіз қаралды. Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2015 жылы 15 маусымындағы шешіміне сәйкес сіздің ТҮҚК-мен арадағы үлестік келісім шарт бұзылып, қарызды өндіру туралы талабыңыз қанағаттандырылған. Аталған сот актісінде Сізбен ТҮҚК арасында «Гранитный 2» көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алуға үлестік жарна шарты жасалып, 6 286 644 теңге төлем сомасы Сізбен толық төленген (31.07.2013ж., 12.09.2013ж., 28.10.2013ж., 15.11.2013ж., 19.12.2013ж. төлем туралы түбіртектерге сәйкес). Аталған сот шешіміне сәйкес 29.02.2016 жылы атқару өндірісі қозғалып, қазіргі уақытта жеке сот орындаушысы Е.О.Калматайдың өндірісінде. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 126-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы. Осы негізде, Сізге түсіндіреміз, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 246-бабына сәйкес сот шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот орындаушысымен сотқа жүгінуге құқылысыз. Сонымен қатар, ТҮҚК-не мүше болып кіру жөнінде Сіз өз еркіңізбен «Адам строй Сервис» ТҮҚК-не жүгінуге құқығыңыз бар (қайтадан құрылған тұрғын-үй құрылыс кооперативі).
  • Сұрақ №: 38640
    Дата: 03.01.2018 18:26:35
    Аты-жөні: Адилов Жақсыбек
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы, Астана қаласының прокуроры Дембаев Булат Бекназаровичке ОҚО, Мақтаарал ауданы, Арай ауылдық округі Талдықұдық көшесі 41 үй тұрғыны Адилов Жақсыбек Борибековичтен 15.05.1959 ж.т. ИИН /570515301203/ ұялы телефон: + 7 (702) 329 24 38. ӨТІНІШ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ 2015 жылдың маусымның 27-күні балам Адилов Қуаныш Жақсыбекұлы 30.08.1985 ж. 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша іс қозғады. Балам оқиға орнынан қашып кеткен. 2017 жылдың қыркүйек айының 30 күні Алматы қаласында ұсталды. Содан қазіргі уақытқа дейің, 4 ай бойы, ЕЦ 166/10 түзету мекемесінде қамап отыр.Қылмыстық іс аяқталмаған, қылмыстық құрам, дәлел жоқ, сондықтанда істі тергеуді 4 ай бойы созып келеді! Қазіргі уақытта мен жұмыссызбын, анасы 2 топтағы мүгедек,баламның 3 баласы бар, жары жұмыс істемейді. Осы істі өз қарауыңызға алуды СҰРАНАМЫН!
    Жауап күні:
    9 қаңтар, 2018 - 18:25
    Жауап:
    Құрметті Жақсыбек Борибокевич! Сіздің Қ.Ж.Адиловқа қатысты №157100131000197 санды қылмыстық істі өз қарауыңызға алу туралы арызыңыз қаралды. Анықталғаны, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (одан әрі–ҚК) 24 бабы 3 бөлігі, 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен күдікті Қ.Ж.Адиловқа қатысты қылмыстық іс қазіргі кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментімен (одан әрі-Департамент) тергелуде. Сіздің ұлыныз Қ.Ж.Адилов 30.09.2017 жылы Алматы қаласында ұсталынып, 17.10.2017 жылы Астана қаласының ЕЦ-166/1 мекемесіне жеткізілді. Тергеу барысында Департаментпен қылмыстық істің тексеру мерзімі 4 айға дейін сот-видеофонографиялық, психолого-филологиялық сараптамаларын тағайындауға байланысты ұзартылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде және оның тергелу барысы қала прокуратурасымен бақылауға алынғанын хабарлаймын.
  • Сұрақ №: 38299
    Дата: 20.12.2017 21:40:05
    Аты-жөні: Каюпова Акслу
    Сұрақ:
    Саламатсызба,мен 2 балама алимент ала алмай жургеніме 3 жыл болды.Ақтөбе қаласы сотының шешімі бойынша 01.06.2015 жылдан бастап Аужанов Саян Елтаевич екі балаға алимент төлеу керек болатын,осы күнге дейін ол адамнан алимент ала алмай отырмын.Аужанов Саян Елтаевич,ИИН 701005350062 Астана қаласы,Есіл ауданы,Вишневая №44 уйде тіркеуде.Бірақ Саян Ақмола облысы,Корғалжын ауданы,Жантеке ауылында анасымен бірге турып жатыр.Ақтөбе қаласының соты №2-6917/15 және №2-9360/2015 ісі орындалмай отыр.Ақтөбе қаласы сотының шығарған шешімдерін Астана қаласы, Республика даңғылы 58 а, Криглева Г.У. сот орындаушысына жібердім,бірақ нәтиже болмады.Аса құрметті прокурор мырза екі балама тиесілі ала алмай жүрген алименттерін алып беруге көмектесуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    27 желтоқсан, 2017 - 20:25
    Жауап:
    Уважаемая Акслу Жумагельдиевна! Все вводимые Вами личные данные конфиденциальны и не подлежат распространению или передаче третьим лицам. Обращаем Ваше внимание, что жалобы и обращения, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятии мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в Прокуратуру города - нарочно; - через почтовую связь; - на электронный портал www.115.kz. Для отправки обращения на электронный портал www.115.kz необходимо иметь электронную цифровую подпись (ЭЦП), которую можно получить в Центре обслуживания населения (ЦОН). Для того, чтобы ускорить получение ответов на Ваши вопросы, убедительно просим излагать суть вопроса четко и лаконично. Прежде чем задать вопрос, следует поискать ответ в материалах блога. Возможно, что в них уже содержится ответ на интересующий Вас вопрос, и Вы легко получите необходимую информацию.
  • Сұрақ №: 38032
    Дата: 10.12.2017 19:42:04
    Аты-жөні: Шырын Бексұлтан
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы, Астана қаласының прокуроры Дембаев Болат Бекназарұлына Астана қаласы, Алматы ауданы, Жұмабаев көшесі 14/1, №5 СҮ тұрғыны Шырын Бексұлтан Андасұлынан 20.09.1996 ж.т. ЖСН/960920301564/ ұялы телефон: + 7 (707) 937 62 12 өтініш. Менің өтініш жазу себебім, менен 08.11.2017 күні №5 студенттер үйінің ауласында, бейне бақылау камерасының алдында күштеп тартып алынған ұялы телефонымды(Iphone 6, Space Gray, 64Gb/IMEI: 35 931106 904643 9/Серийный номер: F73Q2QXRG5MR) іздеу барысын өз қадағалауыңызға алуыңызды сұраймын.Себебі қылмыскер өте қауіпті, әрі суық қарумен болғандықтан, мен телефонымды қарсылықсыз беріп құтылдым, сондықтан қылмыскерді тездетіп тауып қылмыстық жауапқа тартпаса,алдағы уақытта басқа да азаматтарға зиян келтірмесіне кім кепіл?! Ал бұл істі қарап жатқан Астана қ-сы, Алматы аудандық ІІД-нің тергеушілері іздеу жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізіп отырғандығын өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Телефонымның Icloud-ын тергеушілердің сұранысы бойынша бұғаттаудан алып тастадым.
    Жауап күні:
    27 желтоқсан, 2017 - 20:42
    Жауап:
    Уважаемый Бексұлтан Андасұлы! Все вводимые Вами личные данные конфиденциальны и не подлежат распространению или передаче третьим лицам. Обращаем Ваше внимание, что жалобы и обращения, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятии мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в Прокуратуру города - нарочно; - через почтовую связь; - на электронный портал www.115.kz. Для отправки обращения на электронный портал www.115.kz необходимо иметь электронную цифровую подпись (ЭЦП), которую можно получить в Центре обслуживания населения (ЦОН). Для того, чтобы ускорить получение ответов на Ваши вопросы, убедительно просим излагать суть вопроса четко и лаконично. Прежде чем задать вопрос, следует поискать ответ в материалах блога. Возможно, что в них уже содержится ответ на интересующий Вас вопрос, и Вы легко получите необходимую информацию.

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.