You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының іске асырып жатқан жобаларының алдын ала нәтижелері жайлы АНЫҚТАМА

Жүйемізде маңызды өзгерістер болып жатыр.

         Ең алдымен, Конституцияға енгізілген түзетулер. Оның прокуратураға қатысты 83-ші бап Конституция қабылданғаннан бері алғаш рет өзгерді.

         Екіншіден, бұрын Негізгі Заңда прокуратураның өкілеттіктері нақты көрсетілген болатын. Енді олай емес. Қадағалаудың көлемі мен шегі заман талабына сай прокуратура туралы және басқа процессуалдық заңдарда реттелетін болды. Прокуратура туралы Заң а.ж. шілде айының ортасында күшіне енді.

Пікірлер саны: 0

Астанада құрылыс салушардың заңсыз әрекеттері тоқтатылуда

Әлеуметтік желісін мониторинг жүргізу барысында Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы пәтерлерге алдын ала шарттарға отыру бойынша ақпаратты заңсыз тарату фактісі анықталды, яғни салынып жатқан ел ордамыздың сол жағалауында Бұхар Жырау көшесінде орналасқан "Інжу" үй кешенінде (тапсырыс беруші ЖШС "КазТемірТрейд 2012" құрылыс салушы "ЖШС TransStroyInvest",) пәтерлердің сатылуына байланысты жарнама анықталды.

Бұл іс-әрекеттер құрылыс салушының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңды білмеуін немесе дұрыс түсінбеуін көрсетеді.

Пікірлер саны: 0

Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті

Бүгін, Сарыарқа аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Үлескерлерді қолдау орталығының ашылу рәсімі өтті (мекен жайы: Астана қаласы, 409 көшесі, 13 үй, С.Сейфуллин көшесінің басында).

Бастапқыда Орталық аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс атқарады.

Бірақ, келесіде Орталықтың жұмыс мерзімі азаматтардың шағымдарының көбейуіне байланысты өзгертіледі.

Пікірлер саны: 0

Жәбірленушінің өмірін құтқарған прокурорды мадақтады

Ел ордамыздың прокуроры Болат Дембаев интернет желісі қолданушыларының көптеген пікірлерімен Алматы аудандық прокуратурасының қызметкері Нұрлан Хабдуловты мадақтады.  

Белгілі болғандай, Нурлан Хабдулов Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-ғарыштық күштерінің әскери қызмет өту барысында (1993-1994 жж.) бірінші медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген.

 

Пікірлер саны: 0

2-ші тамызда Астанада Үлескерлерді қолдау орталығы ашылады

2-ші тамызда сағат 10.00-де Астана қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында (мекен жайы: Астана қаласы, 409 көшесі, 13 үй, С.Сейфуллин көшесінің басында) Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтеді.

«Бір терезе» принципі бойынша жұмыс, мемлекеттік орган өкілдеріне үлескерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, және құқықтық мәселелер бойынша уақытылы кеңес беру орталықтың басты ерекшелігі болып табылады.  

Пікірлер саны: 0

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстегі жаңа өзгерістер

11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген.

Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне де қатысты.

Басты жаңалықтардың бірі әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді.

Пікірлер саны: 0

Азаматтық процестік кодекстің жаңа өзгерістері туралы Бас прокуратура баяндады

А.ж. 11 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңнамалық түзетулер 25 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.

Азаматтық істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне шағымдану тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Пікірлер саны: 0

Депутат Магеррамов Астана қаласының прокурорларымен кездесті

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Магеррам Магеррамов Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында  қылмыстық, қылмыстық-процестік  және қылмыстық-атқару заңнамалары, сондай-ақ мемлекет Басшысымен қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары «Прокуратура туралы» заңнамасын әрі жаңғырту  мәселелері талқыланды.

Пікірлер саны: 0

Астана қаласы прокурорымен сот үлескерлерге аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенін берді

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде экономикалық сотпен «Зере-Самұрық» тұрғын-үй құрылыс кооперативінің 130 үлескерлері мүддесіне енгізілген Астана қаласы прокурорының талап арызы қанағаттандырылды.

«Зере» тұрғын-үй кешенінің жосықсыз құрылыс салушылары «КазГазАстана» және «Алтын сапа 2011» ЖШС-нен 1 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілді.

Құрылыс аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенімен жер телімі тұрғын-үй құрылыс кооперативіне берілді.

Қазіргі уақытта, үлескерлерде құрылысты аяқтауға инвесторлармен салушыларды шақыруға мүмкіндіктері пайда болды.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.