You are here

«Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны іске асыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны іске асыру

Астана қаласының Сарыарқа ауданы Прокуратурасы «№5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» МКҚК-мен бірлесіп, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны іске асыру мақсатымен 2016 жылғы 16-қаңтар күні, сағат 10-00-де  «Ә. Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» ММ-де (мекенжайы: Астана қаласы, Бабатайұлы көшесі, 24) 8-9 сынып оқушылары – қыз   және ер балалар арасында «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Прокурорының Кубогіне» жарыс-этафетаны өткізді. 

Аталмыш шараға 4 команда – « Ә. Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» ММ-нің, Астана қаласының № 7 орта мектеп» ММ-нің және «№ 65 орта мектеп» ММ-нің 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Жарыстардың нәтижесінде бірінші орын алған «Ә. Марғұлан атындағы №40 орта мектеп» ММ-нің командасы «Сарыарқа ауданы Прокурорының Кубогімен » марапатталды. Екінші орынды «№ 65 орта мектеп» ММ командасы және үшінші орынды «№ 7 Орта мектеп» ММ командасы алды. Барлық командалар Сарыарқа ауданы Прокурорының атынан грамоталармен және медальдармен марапатталды. 

Сондай-ақ, ең белсенді оқушы «Ең белсенді қатысушы» номинацияда Прокурор Кубогімен марапатталды және барлық оқушыларға жарыс – эстафеталарға белсенді қатысқандару үшін, Сарыарқа ауданы Прокурорының  қолы қойылған алғыс хаттары табысталды.

Жарыс белсенді түрде өтті және жасөспірімдердің назарын спортқа аудару үшін мүмкіндік туғызды, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстықтың алдын алуға себеп болды. 

Астана қаласы  Сарыарқа ауданының Прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.