You are here

Астанада «Қарызсыз өмір сүру оңай» акциясы жүргізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астанада «Қарызсыз өмір сүру оңай» акциясы жүргізілуде - 1598367450

          Астана қаласының прокуратурасы және жергілікті полиция қызметі мен жеке сот орындаушылары бірлесе отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіру бағытында акция жүргізілуде.

         Акция барлық автокөліктер арасында мәжбүрлеп орындату арқылы Астана-Қарағанды бағытындағы «Қызылжар» шеп бекетінде рейдтік іс-шараны ұйымдастырулуымен жүзеге асырылып келеді.

         Бұл іс-шара алдымен ұзақ уақыт әкімшілік айыппұлдары төлеуден жалтарып жүргендерге бағытталған. Аталған тұлғаларға сот орындаушылары автокөлікті тәркілеп, айыптұраққа қою жөнінде қаулы шығарады.

         Осыған орай, шеп бекеттен өту барысында, ауыртпалығы барлары полиция қызметкерінің экранында көрініп, содан соң сот орындаушысы қарыз соммасын төлеуді ұсынады, қарсы болған жағдайда автокөлік тәркіленеді.

         Жүзеге асырылған акцияның 2 күн нәтижесінде 60 борышкер 1,2 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұлды төлесе, 1 автокөлік тәркіленіп айыптұраққа қойылған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.