You are here

Астанада құрылыс салушардың заңсыз әрекеттері тоқтатылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астанада құрылыс салушардың заңсыз әрекеттері тоқтатылуда - 966006936

Әлеуметтік желісін мониторинг жүргізу барысында Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы пәтерлерге алдын ала шарттарға отыру бойынша ақпаратты заңсыз тарату фактісі анықталды, яғни салынып жатқан ел ордамыздың сол жағалауында Бұхар Жырау көшесінде орналасқан "Інжу" үй кешенінде (тапсырыс беруші ЖШС "КазТемірТрейд 2012" құрылыс салушы "ЖШС TransStroyInvest",) пәтерлердің сатылуына байланысты жарнама анықталды.

Бұл іс-әрекеттер құрылыс салушының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңды білмеуін немесе дұрыс түсінбеуін көрсетеді.

Осыған орай, "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  Басқармасының",  "Астана қаласы сәулет және қала құрылысы Басқармасының" өкілдерімен және аудан прокуратурасының қызметкерлерімен құрылыс салушыға тұрғын үй объектілерін салу кезінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттама алу тәртібі түсіндірді.

Кездесудің нәтижесінде прокуратура қызметкерлері Қазақстан Республикасының "Прокуратура Туралы" Заңының 32-бабына сайкес тапсырыс беруші «КазТемірТрейд 2012» ЖШС-ге тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнаманың талаптарын бұзылуына жол бермеу бойынша түсіндіру ұсынылды.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша үлескерлердің ақшасын тарту, тек құрылыс салушы кепілдік Қорының кепілдігі ұсынылса, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына қатысуды ұйымдастырса (жергілікті атқарушы органның рұқсаты) не өз қаражаттары есебінен тұрғын ғимараттың қаңқасын тұрғызғаннан кейін рұқсат етіледі (Заңның 8,9,10 бабы).

Құқықтық салдардың болдырмау мақсатында астананың барлық құрылыс салушыларына осы Заңның 3 бабы 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй құрылысына арналған ақшасын тарту Заңмен белгіленген талаптарын бұзуға тыйым салынатынын түсіндерміз. Осы Заңның талаптарын бұза отырып құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде жүргізілген мәміле жарамсыз деп танылады.

 

                                                                                                       

Астана қаласы Есіл

ауданының прокуратурасы

(Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі)

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.