You are here

Аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін қала әкімдігі елорда прокуратурасымен бірлесіп «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» жобасы шеңберінде құрылыс нысандарының жәрмеңкесі өткізілді.

Оған 70-тен аса құрылыс ұйымы, соның ішінде ел аймақтарынан және шетелдік компаниялар қатысты.   

 «Жәрмеңкеде» тоғыз тұрғын үй кешені ұсынылды («Араби-2» ТК, Ж.Тархан және А.Жұбанов көшелерінің қиылысында орналасқан, «Скай сити» ТК Комсомольский тұрғын алабында орналасқан, «Алға Самал» ТК, Қорғалжын тас жолының ауданында, «Байтау» ТК, Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан,«Столичный-2» ТК, Сарыарқа және Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан, «Үміт береке» ТК, Қорғалжын тас жолының ауданында, «Әзірет Астана» ТК, «Жайлау Сити» ТК және  «Табыс Құрылтай» ТК, Қосшы ауылында орналасқан (Ақмола облысының Целиноград ауданы).

Аталған шараның мақсаты – проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды қолға алатын әлеуетті кәсіпкерлер мен инвесторларды іздеу.

Бірінші кезекте, біз бизнесмендерге аталған жобалардың рентабельділігін көрсетіп, үлескерлерге тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға көмектескіміз келді.

Жиналған кәсіпкерлер үшін әр жоба жеке таныстырылып, бос алаңдар, жер телімдері, жобалардың нобайлары көрсетілді, және техникалық жағдайлар жасалғаны туралы ақпарат ұсынылды.

Рентабельділік жеткілікті болмаса, құрылыс жүргізуші компанияның қолданыстағы заңнамаға сәйкес, және ТҚК мен құзырлы органдардың келісімімен жобаны өзгертуге және оны тиімді етуге құқығы бар.

Мемлекеттік органдар өз құзіреті шеңберінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне де, әлеуетті инвесторларға да қолдау көрсетуге әзір.

Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша құрылыс компаниялары өздерін қызықтырған мәселелерді ТҚК өкілдерімен талқылап, өзара ынтымақтастықты ары қарай жалғастыру үшін телефон алмасуға мүмкіндік алды.

Аталған «жәрмеңке» жүйелі негізде өткізіліп тұрады.

 

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

 

Аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі - 1700326652
Аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі - 1634469608
Аяқталмаған құрылыс нысандарының жәрмеңкесі - 1295457982

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.