You are here

Кәмелетке толмағандарға алимент өндіру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексіның  138-бабына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.

Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.

Бас Прокуратура Әділет Министрлігі және Республикалық жеке сот орындаушыларының Палатасымен бірігіп «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобаны 2016 жылдан бастап жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, Астана  қала прокуратурасымен осы бағытта «Балаңды есіне ал - алимент төле!» жобасы өткізілуде.

Осы жобаларды орындау мақсатында бекітілген іс-шараларға  сәйкес Астана қаласы Есіл аудан прокуратурасы мемлекеттік сот орындаушылар мен  алимент өндірістеріне мамандырылған жеке сот орындаушы К.Жангереевтің кеңсесінде  тексерістер жүргізді .

Тексерістер нәтижесінде,  аудан прокуратурасымен  алимент өндіру туралы атқару өндірістері бойынша 220 борышкер  еңбекпен қамтылды, 240  кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалып, олар күтіп-бағуға арналған қаржыны  борышкерлерден ала бастады.

Осы жылы аталмыш жобалары барысында 27 адам жұмысқа орналастырылды (жалпы проект мерзімінде 220 борышкер), 5 борышкер әкімшілік жазазысына тартылды (жалпы проект мерзімінде-27 борышкер), тәртіптік жауапкершілікке 2 сот орындаушысы тартылды. Прокурорлық актілер бойынша 10 млн.теңгеден астам алимент сомалар кәмелетке толмаған балаларға алимент ретінде өндірілді.

Жоғарыда аталған  жобалар аясында  алимент төлеу туралы сот шешімдерің 3  айдан астам орындамаған  5 борышкерге қатысты Қылмыстық Кодексінің 139 бабы бойынша қылмыстық  істер қозғалды және әрі қарай өз заңды шешімдерің тапты. Борышкерлер Қылмыстық кодексінің 139 бабы бойынша кінәлі деп танылып, қарыздарың өтеді.

Мысалы,   13.04.2017 жылы Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотымен   азамат А.  кәмелетке толмаған ұлын асырау үшін  алимент төлемеген фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 139 бабымен   кінәлі болып табылды. Сот қарастыру кезінде борышкер қарызын толық өтеді. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қылмыстық іс қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.