You are here
ҚЫЛМЫСКЕР ОН ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ


Астана қаласында, басқада қалалар немесе мемлекеттердегідей күн сайын көптеген қылмыстар істеледі, оның ішінде көбісі ашылмай қала береді.
Осыған байланысты Қылмыстық кодексте «Принцип неотвратимости» сияқты арнайы бап қарастырылған, онда қылмыстық іс мерзімдері өткен кезде қылмыскер жауапкершіліктен босатылуы тиіс деп жазылған.
Жоғарыдағының негізінде, ҚР ҚК –ң 71 бабына сәйкес қылмыс істелінгеннен кейін жауапкершіліктен босатылу үшін келесі мерзімдер өткеннен кейін: қылмыстық теріс-қылық 1 жыл өткен соң, онша ауыр емес санаттағы қылмыстар үшін 2 жыл, орташа дәрежелі қылмыстар үшін 5 жыл, ауыр санаттағы қылмыстар үшін 15 жыл, аса ауыр санаттағы қылмыстар үшін 20 жыл.
Қылмыстық іс мерзімдері қылмыстың істелген күнінен немесе сот үкімінің заңды күшіне енгенінен кейін ғана саналады.
Сонымен қоса, егер қылмыс істеген тұлға тергеу органдарынан немесе соттан жасырынып жүрген болса, іс мерземдері тоқтатылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, қылмыс істеген тұлға өз кінәсін мойындап немесе ұсталынғаннан кейін іс мерзімдері жаңғыртылатын болады.
Мысалға, Астана қаласында 1998 жылы аз. «А», аз. «Г» тиесілі 3 пәтерлі құжаттарын жалған жасап, оған тиесілі пәтерді үшінші тұлғаға сатып жіберген, соның кесірінен жәбірленушіге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтіріп, және ауыр қылмыс жасаған.
Сол жылы алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген. Бірақ қылмыскердің қашып кетуіне байланысты сот үкімі заңды күшіне енбеген болатын.
Аз. «А» өлгендігі жайлы жалған құжаттардың берілуіне байланысты, қылмыстық қудалау органдары бұл іс жайлы ұмытып кеткен болатын. Сөйтіп, 2006 жылы ғана аз. «А» іздеу шараларын жүргізу үшін берілген еді.
Аз. «А» қылмыстық қудалау органдарынан осынша жылдар бойы қалай тығылып жүргендігі түсініксіз, түр-әлпетінің өзгеруі бұған себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда, яғни, 2017 жылдың наурыз айында аз. «А» ұсталып, ТИ-12 қамалып, сот болған күту үстінде.
Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу