You are here

Мемлекеттік мекемелердің заң қызметтері жұмысы туралы талдау нәтежелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасымен 2016 жылы соттарда экономикалық дауларды қарау барысында мемлекеттік органдардың қатысу сапалығына сот мәжілістерінің бейнежазбаларын қараумен талдау жүргізілді.

Талдау мақсаты азаматтық істерді қарау барысында мемлекеттің экономикалық мүддесіне байланысты заң қызметтерінің жұмысына ықпал ететін мәселелер мен факторларды зерделеу болып табылады.

Талдау көрсеткендей, заң қызметтерінің жұмысы тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды.

Негізгі кемшіліктер қамтамасыз ету шараларын қолданбаубен, талап арыздарды қараусыз қалдырумен, талап арыз бойынша дәлелдемелер толықтығының жоқтығымен, тараптардың жарыспалығы қағидатын сақтамауымен, жоғарғы сатыларға сот актілеріне шағым келтіру бойынша шаралар қабылданбауымен байланысты.

Негізгі себебі заң қызметтері қызметкерлерінің әлсіз кәсіби дайындығы, қызметтік міндеттерге салғырт қатынасы, жекелеген мемлекеттік органдарының жұмыс жүктемесінің көптігі болып табылады.

Қала прокуратурасымен анықталған кемшіліктер бойынша қала әкімдігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, қаралу нәтижесімен 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2017 жылдың 27 мамырда заң қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік мекемелердің заң қызметтірінің бастықтары мен қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында заң қызметтеріне талап арыздарды, талап арыздарға қарсылықтарды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды дайындау бойынша, соттарда дәлелдемелерді қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Жекелеген азаматтық істер санаттары бойынша, соның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы (мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы, тұрақсыздық айыбын, шарт орындалуын қамтамасыз етуді, авансты өндіру, шартты бұзу, орындалған жұмыс актілерін жарамды деп тану туралы), жер даулары, мемлекеттік органдардың әрекеттерін даулау жөніндегі істерді мәні бойынша қаралуына қажетті нақты мәселелерді анықтау туралы нұсқамалар берілді.

Сот өндірісі барасында мемлекеттік органдардың заң қызметтері тарапынан жол берілген кемшіліктерінің тізімі мен жекелеген азаматтық істер санаттары бойынша жаднамалар жасақталды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.