You are here

Пайдалы қазбаларды заңсыз «қазушылар» жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасының  тапсырмасымен, пайдалы қазбаларды заңсыз «қазушылар» жауапкершілікке тартылды.

А.ж. 16 маусымда Экология Департаментімен елорданың әкімшілік аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді ұйымдастырған екі жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке  (ҚР ӘҚБтК 139 бабы) тартылды. 

Олардың әрқайсына 50 АЕК (113450 тг) көлемінде айыппұл салыныды және экологияық шығынды өндіру бойынша 1 млн теңге мөлшерінде талап енгізілетін болады.

«Қазушылармен» күресу бойынша мұндай механизмді наурыз айында өткізілген құқық қорғау органдарының Координациялық кеңесінде Астана қаласының прокуроры Б.Б. Дембаевпен ұсынылған.( http://astana.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/uylestiru-kenesi-shenberinde-ktpk-01-zhobasyn-zhuzege-asyru)

Сол кезде «қайталап ұстау кезінде заңды бұзу құралын тәркілеу мақсатында, заңсыз кәсіпшіліктің барлық қатысушыларын жауапкершілікке тарту қажет екендігін» аттап өткен.

ҚР ӘҚБтК 139 бабының 2 тармағына сай, егер жыл ішінде құқықбұзушылық талаптарын кайта бұзса құралдарды тәркілеу түрінде қосымша жаза қолданылатынын еске сала кетейік, көбінесе бұндай құралдарға автокөліктер және экскаваторлар жатқызылады.  

Аталған жұмыс елорда прокуратурасының, полиция және әкімшілілігінің  «ОПИ -01» жобасы аясында жүргізілуде.

 

 

 Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.