You are here

Прокуратура органдары үлескерлердің мүдделерін қорғауда!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елордалық прокуратурасымен күнделікті үлескерлердің бұзылған құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылдың 7 маусым күні экономикалық сотпен қала прокурорының 100-ден аса отбасы мүддесін қорғауға бағытталған екі талап арызы қанағаттандырылды.

Атап айтқанда, «Адам строй сервис» ТҮҚК-нің мүддесін қорғау туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық істің қаралу нәтижесінде «Капитал строй сервис» ЖШС-нен 300 млн. теңге өндіре отырып, аяқталмаған «Гранитный 2» ТК-мен жер телімі ТҮҚК-не берілді.   

Сондай-ақ, осы сотпен жауапкер «Шейхказинвест» ЖШС-нен «Хазрет Астана» ТҮҚК-нің пайдасына 325 млн.теңге өндірілді.

Аталған сот шешемдері дереу орындауға жолданды.

Қазіргі таңда аталған тұрғын-үй құрылыс кооперативтерінде құрылысты аяқтайтын құрылыс салушыларды шақыру мүмкіндігі туды.

Бұған қоса, көп кәсіпкерлердің сұраулары бойынша қала прокуратурасы әкімдікпен бірлесе тағыда «аяқталмаған құрылыс объектілерінің Жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, тұрғын үй кешендері құрылыс ұйымдарына таныстырылады.

 

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

Прокуратура органдары үлескерлердің мүдделерін қорғауда!	 - 1990199830

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.