You are here

«Созылмалы пәтерлермен» күрестің алғашқы нәтижелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» атты жобаның шеңберінде елорда әкімдігінің және құқық қорғау органдарымен (МКД, ІІД, ЖПҚ) біріге отырып қала прокуратурасымен «созылмалы пәтерлермен» күресудің механизмі әзірленді.

Уәкілетті органдардың алдын ала ақпаратына сәйкес елордада бір пәтерде 30-дан 2,5 мың адамға дейін тіркелген ондаған пәтерлер анықталды.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен аталған пәтерлерді аралау жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК-нің 493-бабымен 88 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды (тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі), аталған мекен-жайлардан пәтер иелерінің өтініші бойынша 4 135 жуық адам тіркеуден шығарылды, олардың арасында шетел азаматтары да бар.

Тіркеуден шығарылған азаматтар үшін аталған мән-жайлар кейбір мемлекеттік қызмет түрін алуға және мемлекеттік  тұрғын-үй алуға қиындық тудыратын болады.

Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижесімен қаланың коммуналдық қызметтерімен «созылмалы пәтерлерде» қызмет (сумен қамтамасыз ету, қоқыс әкету) құны қайта есептелуде.

 Аталғандарды ескере отырып, қала қонақтарын заң талаптарын бұзбауды және «созылмалы пәтерлерде» тіркеу түріндегі заңсыз қызметтерді жүзеге асыратын күмәнді тұлғалардың көмегіне жүгінбеуді, ал қала тұрғындарын тіркеу деректерін тұрғылықты жері бойынша  сәйкестендіруді сұраймыз.

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.