You are here

Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті - 300152824

Бүгін, Сарыарқа аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Үлескерлерді қолдау орталығының ашылу рәсімі өтті (мекен жайы: Астана қаласы, 409 көшесі, 13 үй, С.Сейфуллин көшесінің басында).

Бастапқыда Орталық аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс атқарады.

Бірақ, келесіде Орталықтың жұмыс мерзімі азаматтардың шағымдарының көбейуіне байланысты өзгертіледі.

Орталықтын жұмысы «Бір терезе» принципі бойынша ұйымдастырылған, яғни бүкіл үлескерлерге мемлекеттік және құқықтық органдарымен қажетті қызметтер бір жерден көрсетіледі.

Орталықтағы қызметкерлердің басты мақсаты құқықтық мәселелер бойынша уақытылы кеңес беру, өтініштермен арыздарды қабылдап, оларды жедел қарастыру, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша шығарылған сот актілерінің орындалуы және үлескерлердің тұрғын-үй құрылысы жөніндегі ақпаратты азматтарға жеткізу болып табылады.

Жаңа ашылған Орталықта прокуратура, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, тергеу органдарының, басқа да мемлекеттік қызмет органдарының және қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, Орталықтың жұмысына үлескерлер арасында дау-дамайды жою бойынша медиатор қатысады.

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті - 939993210
Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті - 625037385
Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті - 1292753488
Үлескерлерді қолдау орталығының ашылуы өтті - 1608843836

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.