You are here

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 5 мамырында Астана қаласының прокуратурасы Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге орай салтанатты жиналыс өткізілді.

Салтанатты жиналысқа Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері, прокуратура ардагерлері – Ұлы Отан соғысының ардагері Куропятник Анатолий Никифорович және Тыл қатысушылары Бектанов Кәрібай Канапияұлы және Балғабаева Мавлюда Садыққызы қатысты.

Іс-шара барысында соғыс ардагеріне және тыл қатысушыларына гүл, құттықтау хаттары және бағалы сыйлықтар берілді. Салтанатты жиналысқа қатыса алмаған тыл қатысушыларының үйлеріне қала прокуратурасының қызметкерлері барып, мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар, Астана қаласы прокуратурасының ардагерлері Ақышев Жолымбет Қарабайұлына, Бейсен Смайыл Бостанұлына, Құрманов Қазбек Мұсаұлына, Хайруллин Серік Құбашұлына «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін мінсіз және адал атқарған, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыс етіліп, Бас Прокурордың және қала прокурорының атынан алғыстар жарияланды.

Жиналыстың салтанатты бөлігі аяқталғаннан кейін ардагерлер мен қызметкерлердің назарына қала прокуратурасы қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт ұсынылды.

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу! - 1632598144
Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу! - 754437259
Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу! - 1849588741

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.