You are here

Жазаның қолданылмай қалмайтындығы!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алаяқтықпен байланысты құқық бұзушылықтардың көбеюіне байланысты, аудан прокуратурасымен осы қылмыстарды тергеу аса бақылауға алынды.

17.04.2017 жылы алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталушы «В» қатысты қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 305-бабына сәйкес «Есіл» аудандық прокуратурасымен сотқа жолданды.

Сонымен, істің мән-жайына сәйкес, айыпталушы В. азаматтық-құқықтық қатынас ретінде аз. С және аз. Н-мен  пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасасып, осы ретпен ол оларға «Мечта», «12 месяцев» дүкендерінде құрылыс заттарына, тұрмыс техникалары мен үй жиһаздарына жеңілдік бар деп алдап, олардан тапсырыстар мен ақша қаражаттарын алған.

Айыпталушы «В» алдын ала ойланған жоспарын және қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында аталған  азаматтардан жоғарыда көрсетілген тауарларға жеңілдік жолымен алуға болатының  алдау арқылы қылмыстық іс-әрекеттерін жасаған.

Жәбірленушілер жоғарыда көрсетілген дүкендерде тауарларды тандап, тауардың жалпы бағасы көрсетілген түбіртектерді алып, содан оны айыпталушы «В» көрсетіп, ол өз кезегінде тауарларға  40 % төмен жеңілдікпен тауарларды алыпберуге тиіс еді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, айыпталушы «В» жәбірленуші «С»,«Н» және «М»пәтер жөндеуге алған ақша қаражатын, тапсырысқа сәйкес тауарларды сатып алмай, алған ақша қаражатын өз керегіне жаратқан және жәбірленуші «С», «Н» және «М» сатып алынған тауарлар, басқа қалада қоймада тұр деп  жалған ақпарат берген. 

Алайда, тергеу амалдарын жүргізу барысында айыпталушы В  көрсеткен мекен- жайды қарау барысында ешқандай қойманың жоқ екені анықталды.

Осылайша айыпталушы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен азамат «С» тиесілі 2 790 976 тенге,«М» мен «Н» тиесілі 3 043 517 теңгені иемденген.

Тергеу қорытындысы бойынша  қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа қарастыру үшін  жіберілді.

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.