You are here

Азаматтық істерді қарау кезіндегі проблемалық сұрақтар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйес туралы» Кодексінде, туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі деп қарастырылған.

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.

Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек өтілі үзілмейді және ол жалпы еңбек өтілге есептеледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, соттардың жалпыланған санаттағы істерді қарау кезінде жоғарыда аталған заңнама талаптары сақталады. Талданып отырған санаттағы істердің шешімі қолданылып жүрген заңнама талаптарына сәйкес келеді және даусыз болып саналады.

Сонымен бірге, жүргізілген талдау  туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды бағыттау туралы сот актілерін орындау тәртібі, заңнама талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті.

Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге бағыттау туралы шешімді шығару кезінде, ҚР АІЖК 348 бабының 4- тармағына сәйкес орындауы ішкі ісетр органдарына жүктеледі, бұл  заң талаптарына толық сәйкес келмейді, өйткені жоғарыда көрсетілген баптың нормасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғаларға қолданылады.

Сонымен қатар, жүргізілген талдау, барлық қаралған істерде денсаулық сақтау органдары сотқа жүгінген, осыған байланысты сот актілерін орындауымен « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107 бабының 5 тармағына сәйкес (одан әрі - Кодекс) атқарушылық іс жүргізу органдары айналысуы тиіс.

Алайда, шешім шығарылғаннан кейін іс жүзінде, «Астана қ.туберкулезге Қарсы диспансер» МКҚК өкілдері сот актілерін әдейі қолма-қол алады және өздігінше сот шешімін орындайды.

Аталған сот шешімінің орындалуы ағымдағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейді, бірақ  мәжбүрлеп емдеу туралы мәселесі шешілген азаматтар халыққа қоғамдық қауіптілігін көрсетеді, сондықтан сот актісінің жедел және уақтылы орындалуы ақталды.

Қала прокуратурасымен жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды жою үшін, қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістерді енгізу туралы сұрақ қойылған, атап айтқанда нақтылау, азаматтарды туберкулезден мәжбүрлеп емдеу туралы сот актілерінің орындалуын қандай уәкілетті орган айналысатын болатынын, сондай-ақ сот актілерін дереу орындауын  келтіру (шешімді заңды күшіне енгенін күтпестен).

 

 

Астана қаласы прокурорының көмекшісі

Байзанова Ақмарал Байтұрсыновна

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.