Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жақын уақытта Республиканың облыстық прокуратураларымен аудандық прокуратуралардың прокуроры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялау жоспарлануда (лауазым санаты C-RGP-5).

Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесіне (Бас Прокурордың 4 мамыр 2014 жылғы №40 бұйрығы) және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлері үшін біліктілік талапатарына (Бас Прокурордың 2013 жылғы 4 қазанындағы №90 бұйрығы) сәйкес жүргізілетін болады.

Конкурс жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерделеу жүргізіледі (Бас Прокурордың 26 желтоқсан 2015 жылғы №156 бұйрығына сәйкес).

Бұл кезеңдерден өтуден бұрын, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құқық қорғау қызметіне алғаш қабылданатын кандидаттарға арналған тестілеуінен өту қажет.

Өтінішті «электронды үкімет» веб-порталы немесе «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Бұдан әрі қажетті құжаттарды тапсырып, заңдарды білуге арналған прокуратурадағы тестілеуден өту (бұдан әрі - прокуратурадағы тестілеу), қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өту және  ұлттық қауіпсіздік органдарындағы міндетті арнайы тексеріс қорытындыларын алу керек.

Аталған рәсімдерден өтуге арналған жолдамалар Астана қаласы прокуратурасының кадр қызметімен кедергісіз беріледі.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Астана қаласының прокуратурасына Қабанбай батыр даңғылы мекен жайы және 71-24-16, 71-21-12, 71-24-07 телефондары арқылы жүгінуіне болады.

 

 

Астана қаласының прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.