You are here

Кадрлік мәселе

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

22.06.2017 жылы сағат 16:00-де Астана қаласы прокуратурасында аттестаттау комиссиясының отырысы өткізіледі. Сұхбаттасуға 6 қызметкер қатысады (Абдраимов У.А., Жанабилов С.Е., Аралбаев Ж.М., Утешев Т.Е., Жүсіпбеков А.М., Наукенов Е.Г. ).

 

 Астана қаласы прокуратурасының Кадр жұмысы басқармасы

 

 

 

Астана қаласының прокуратурасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31, 8 қабат, 809 кабинет, анықтама үшін телефондар: 71-24-07, 71-24-16, 7172495@prokuror.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының бас маманы –баспасөз хатшысы (С-О-5 санаты) – 1 бос орын. 

Функционалдық міндеттері: -прокуратура органдарының қызметі туралы халыққа ақпарат беру мақсатында прокуратура органдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және үйлестіру;

-прокуратураның имидждік бағдарламасын іске асыру бойынша қызметін жоспарлау, медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, прокуратураның оң имиджін қалыптастыруға ықпал ететін PR-акцияларды (баспасөз конференциялары, брифингтер т.б.) өткізу;

-БАҚ-қа талдау және мониторинг жүргізу (өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы республикалық және өңірлік БАҚ-тағы жарияланымдарды, сондай-ақ олардың сын-ескертулерін зерделейді);

-қала прокуратурасының және төмен тұрған прокуратуралардың ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру, құқық түсіндіру қызметінің жай-күйін, оның өңірдегі заңдылыққа әсер ету деңгейін талдау,  жұмыс тиімділігін арттырудың жолдарын іздестіру;

-имидждік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша статистикалық есептілікті жүргізу;

-қала прокуратурасы басшылығының баяндамаларын, сөздерін, сұхбаттарын, сондай-ақ ақпараттық материалдарды дайындау жұмысын ұйымдастыру;

-қызметкерлердің БАҚ-та (баспа, теле-радио және электронды) сұхбат беруін, жариялануын ұйымдастыру;

-БАҚ-та және ведомстволық интернет-сайтта орналастыру үшін баспасөз ақпараты мен ақпараттық хабарламаларын жасау;

-прокуратураның жедел қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы дер кезінде хабарлап отыру;

 -мемлекеттік және ресми тілдегі нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ведомстволық бұйрықтарын бақылау күйінде ұстау арқылы заңнаманы жүйелеп отыру, төмен тұрған прокуратураларда көрсетілген жұмыстың жай-күйін тексеру;

- кітапхана жұмысын қамтамасыз ету, қорда бар кітаптардың есебін жүргізу, кітапхананы жаңа заңгерлік әдебиетпен толықтыру бойынша шаралар қабылдау;

-заңгерлік әдебиетке, мерзімдік және ақпараттық басылымдарға, газеттер мен журналдарға жазылу үшін тапсырыстарды рәсімдеу;

-прокуратура қызметкерлеріне заң әдебиеттерін, нормативтік құқықтық актілерді беру, мерзімді басылымдармен библиографиялық жұмыс жүргізу;

-Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында көзделген  міндетті талаптарды сақтау;

-прокуратура органдарының қолданыстағы заңнаманы жүйелеу және құқықтық талдау жұмысының жай-күйін, сондай-ақ қала прокуратурасы органдары имидждік бағдарламасының (PR компанияның) іске асырылуының жай-күйін тексеру және талдау. Төмен тұрған прокуратураларға практикалық көмек көрсету, қала прокуратурасы органдарының көрсетілген мәселелер бойынша оң тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ тарату және енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Журналистика, Қоғамдық байланыс), «Гуманитарлық ғылымдар» (Филология) бейіндері бойынша. Мемлекеттік тілді білгені жөн.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес заңнаманы білу керек. Компьютердегі Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      Құзыреттілігі: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу Астана қаласы прокуратурасының ғимаратында, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31 өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

Қажетті құжаттар тізбесі- өтініш және тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттардың ұақытында берелмеген немесе толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалақысы 83 282 тенгеден 112 431 тенгеге дейін.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi – соңғы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны.

 

 Астана қаласы прокуратурасының Кадр жұмысы басқармасы

 

ТіркемеКөлем
Өтініш үлгісі15.31 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.