Баспасөз орталығы | Астана қаласының прокуратурасы

You are here

Баспасөз орталығы

АЗАМАТТАРҒА ХАБАРЛАМА

2018 жылғы 16 тамызында, сағат 10.00 мен 16.00-дер аралығында Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен бірлесіп прокуратура, әкімдік, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік кірістер, әділет департаменттерінің басшылығы және Ұлттық банктің филиалы өкілдерінің жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

Қабылдау «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында алдын ала жазылу арқылы Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 3 мекен-жайында өткізіледі.

Алдын ала жазылу:

Пікірлер саны: 0

Астана қалалық прокуратурасында жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды

Астана қалалық прокуратурасында жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуы туралы алқа отырысы өткізілді.

Оған қала әкімінің бірінші орынбасары, ішкі істер департаментінің бастығы және басқа да уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Пайдаланбай жатқан жерлерді алып қою мен оларды қала экономикасына салу бойынша шараларды қолдану туралы   Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында қалалық прокуратурамен жоспарлы жұмыс атқарылып жатқаны атап өтілді.

Пікірлер саны: 0

Астана прокуратурасы домбыра күнін атап өтті

Астана қаласының прокуратурасында Мемлекет басшысының                   2018 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күні мерекесін тойлау өтті.

Бұл Күн Қазақстанда алғаш рет тойланды.

Жоғарғы қадағалаушы органда Домбыра күнін атап өтудің басты мақсаты – қазақ халқының бірегей аспабының тарихи мағынасын дәріптеу.

Пікірлер саны: 0

Елорда прокуратурасының араласуынан кейін алаяқтар сотталды

Астана қаласының прокуратурасы, қылмыстық қудалау органымен 4 жылдан астам тергеу жүргізілген алаяқтық фактісі бойынша екі қылмыстық істі сотқа жолдады.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер саны 25 болса, ал келтірілген залал көлемі 80 млн.тенгені құрады.  

Бір қылмыстық іс, ипотекалық кредиттеуге қатысты 2014 жылы қозғалған.

Пікірлер саны: 0

Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы қарау - олардың құқықтарын қорғаудың кепілі

Астана қалалық прокуратурасында «Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы қарау - олардың құқықтарын қорғаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, онда 2017 жылы сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сотпен қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштері мен арыздарын қарау бойынша жасалған талдау талқыланды.  

Оған прокуратура, сот және ішкі істер мен мемлекеттік кіріс департаменттері өкілдері, сонымен қатар адвокатар қатысты.

Пікірлер саны: 0

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы құқықтық көмек

Ағымдағы жылдың 5 наурызында елордалық прокуратурада «Халықаралық ынтымақтастық  саласындағы құқықтық көмек көрсету және ұрланған активтерді шетелден қайтару» мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Бұл семинар-кеңеске Бас прокуратура, Астана қаласы прокуратурасының, Құқық қорғау Академиясының қызметкерлері,  Ішкі Істер Департаментінің,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының және мемлекеттік кірістер өкілдері қатысты.

Пікірлер саны: 0

Астана қаласының прокуратурасында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың алдын алуын жаңғырту»

Бүгін Астана қаласының прокуратурасында Білім басқармасы бастығының, прокурордың, Астана қаласы ХТЖ ІІД бастық орынбасарының, Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының меңгерушісінің қатысуымен  Ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Ведомствоаралық кеңес Астана қаласы прокуратурасының  бастамасымен а.ж. тамыз айында өткен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың алдын алуын жаңғырту» әлеуметтік жобасының бірінші кезең қорытындылауын іске асыруына арналған.

Жобаның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстықты  әдеттен тыс әдістермен барынша төмендету.

Пікірлер саны: 0

Астанада «Қарызсыз өмір сүру оңай» акциясы жүргізілуде

          Астана қаласының прокуратурасы және жергілікті полиция қызметі мен жеке сот орындаушылары бірлесе отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіру бағытында акция жүргізілуде.

         Акция барлық автокөліктер арасында мәжбүрлеп орындату арқылы Астана-Қарағанды бағытындағы «Қызылжар» шеп бекетінде рейдтік іс-шараны ұйымдастырулуымен жүзеге асырылып келеді.

         Бұл іс-шара алдымен ұзақ уақыт әкімшілік айыппұлдары төлеуден жалтарып жүргендерге бағытталған. Аталған тұлғаларға сот орындаушылары автокөлікті тәркілеп, айыптұраққа қою жөнінде қаулы шығарады.

Пікірлер саны: 0

Азаматтарымызға қолайлы жағдай жасаймыз

Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында жетіспейтін анықтамаладрды алу мүмкіндігінің болмауы (адрестік, мүлкінің болу болмауы туралы) мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнет жасындағы адамдарға мемлекет қызметін алу барысында қолайсыздықтар тудырады.

Қалалық прокуратураның алаңында «Шағымсыз қоғамға» проектісі шеңберінде жоғарыда аталған Басқарманың ғимаратында Халыққа қызмет көрсетудің бөлімшесін ашу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемелекеттік корпорациясы АҚ мен Басқарма қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Пікірлер саны: 0

Азаматтардың мүдделеріне қылмыстық процесті оңтайландыру

         Пилоттық жобалардың бірі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен Ішкі Істер Министрлігінің бірлесіп жүзеге асырып жатқан  «Азаматтардың мүдделеріне қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы  2017 жылдың 15 ақпанынан бастап Астана қаласы Алматы ауданы Ішкі Істер Басқармасының базасында жұмыс жасап жатыр.

         Аталған жобаның негізгі мақсаты- қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету болып табылдаы.

         Айтып отырған жобаны жүзеге асыру кем дегенде екі маңызды нәтижеге әкеледі.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.