You are here

Астана прокуратурасы домбыра күнін атап өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астана прокуратурасы домбыра күнін атап өтті - 1621040421

Астана қаласының прокуратурасында Мемлекет басшысының                   2018 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күні мерекесін тойлау өтті.

Бұл Күн Қазақстанда алғаш рет тойланды.

Жоғарғы қадағалаушы органда Домбыра күнін атап өтудің басты мақсаты – қазақ халқының бірегей аспабының тарихи мағынасын дәріптеу.

Іс-шара прокуратура органдары қызметкерлерінің отансүйгіштік сезімін нығайту мен сананы жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, мемлекеттік стипендия лауреаты, мәдениет қайраткері Жүзбай Жанғали  домбыраның қалыптасу тарихымен бөлісті және туындыларды орындау бойынша шеберлік танытты.

Сонымен қатар, прокуратураның жеке құрамына ұлы қазақ халқының ұлттық құндылығын айқындайтын салт-дәстүрлердің тарихы жеткізілді.

Мерекелік шара барысында астаналық прокуратура қызметкерлерінен құралған «Заңгер» Домбырашылар ансамблі шығармашылық өнер көрсетті.

Қызметкерлердің балалары «Домбыра – қазақтың жаны» тақырыбында өздерінің салған суреттерін ұсынды.

Халықаралық байқаулардың жас лауреаттары қазақтың классикалық туындыларын орындап берді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.