You are here

Алаяқтыққа қарсы әрекет ету мәселелері

Ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған алаяқтық

2015 жылдың 16 маусымы мен 2015 жылдың 22 шілдесі аралығында Астана қаласы ІІД-нің ТБ-на Астана қаласының тұрғындары (барлығы 26 жәбірленуші)«Costa Arona» ЖШС-нің «Камиль», «Артем» және «Руслан» есімді қызметкерлерінің автомашина жеткізу туралы шарт жасап, 40 млн.теңгеден астам ақшаларын алдап алғаны туралы арызбен жүгінді.

Анықталғандай, күдіктілер «Колеса КZ» сайтында Еуропадан нарықтық бағадан төмен бағамен автомашина әкелу туралы хабарлама жариялайды.

Белгілібірсыйақыүшін жер учаскелерін, пәтерлерді беру туралыалдаумен байланысты алаяқтық әрекеттер

2012 жылдың соңынан бастап А.есімді азамат мемлекеттік мекеменің 4-қабатында орналасқан кабинетте отырып, Н., Б. және С.азаматшалармен бірлесіп жеке баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұрып жатқан азаматтарды іздестіреді. Олар өздерін Басқарма қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға  (100 аса арызданушы) «Мемлекеттік бағдарлама» шеңберінде сыйақы үшін тұрғын үй алуға болатынын айтып, алдаған.

89 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды, қылмыстық істі сотқа жолдағаннан кейін келіп түскен арыздар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүруде.

Елордада «қаржы пирамидасы» құрықталды

2012 жылғы қарашада И.есімді азамат және тергеу барысында анықталмаған тұлғалар Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 16 үй, 310 кеңсе мекенжайында орналасқан кеңседе отырып, П.есімді азаматты алдау арқылы 2 250 000 теңге  ақшасын иемденген.

Алаяқ құрбанының кескіні

Астана қаласының прокуратурасы 2015 жылдың қорытындысы бойынша жәбірленушінің (барлығы 796) жалпы кескінін жасады.

Бұл өмір сүру деңгейі орташа, жасы 25-55 аралығындағы, алайда біраз ақшалай қаражаты, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бар әйел немесе ер адам (380).

Көбіне жәбірленушілер заңды дұрыс біле бермейді, сауатсыздық танытады, ал алаяқтар мұны өз пайдасына қолданады.

Алаяқтардың құрбаны болған азаматтар тез сенгіш, аңқау келеді, сөйтіп бейтаныс біреулердің құрығына оңай түседі.

Елордада жүрген алаяқтың кескіні

Қалалық прокуратура 2015 жылдың қорытындысын талдап, қылмыстық істерді зерделеудің нәтижесінде алаяқтардың (барлығы 540) жалпы әлеуметтік кескінін жасады: ол орта арнаулы білімі бар, көбіне жұмыссыз (426), қарым-қатынасқа бейім, тез тіл табысқыш 20-40 жас аралығындағы (409) ер адам.

Бұған дейін қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған құқық бұзушылықтар саны 2,5 есе немесе 30-дан 74-ке артты, бұл кәсіби алаяқтықтың өрбіп бара жатқанын көрсетеді.


Subscribe to RSS - Алаяқтыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.